Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бұқтырмадағы демалыс базасынан шыққан өрт орманға жайылып кете жаздады

2021 жылдың 23 қыркүйек 2021 19:38

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында Бұқтырма кентіндегі демалыс базасында шыққан өрт орманға жайылып кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінде орналасқан демалыс базаларының бірінен өрт шыққан. Белгілі болғандай, 2 қабатты ағаш үй отқа оранды.

Үй иелері қызыл жалынды өз беттерімен сөндіруге тырысқан. Алайда одан түк шықпағандықтан өрт сөндірушілерге қоңырау шалып, көмек сұрады.

«Құтқарушылар сол жерге келген кезде тілсіз жау үйге толықтай жайылып кеткен. Жалпы ауданы 60 шаршы метрді құраған от қабырғаларды, шатырды, терезе мен есік блоктарын, жиһазды, тұрмыстық техниканы және жеке заттарды шарпыды. Сондай-ақ өрттің жақын маңдағы үйлерге және орманға жайылып кету қауіп төнді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрт сөндірушілер жалынның ары қарай таралуына жол бермей, толықтай ауыздықтады. Өртпен күреске барлығы 22 адам мен 4 техника жұмылдырылған.





Жоғары қарай