Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бүгін Ұлттық кеңестің бесінші отырысы өтеді

2021 жылдың 25 ақпан 2021 09:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онлайн форматта өтетін ұлттық кеңес отырысына түрлі өңірден өкілдер қатысады. Отырыс барысында бұрын айтылған ұсыныстар, сондай-ақ бірқатар жаңа бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланабақ.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық кеңестің бесінші отырысы ақпанда өтетіндігін хабарлаған болатынбыз. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды. Жаңартылған Мәжіліс құрамында Ұлттық кеңестің 9 мүшесі бар. _Өткен жылы 22 қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы өтті.



Жоғары қарай