Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бүгін Токио Олимпиадасының алауы тұтанады

2021 жылдың 23 шілде 2021 07:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 23 шілде күні Токио Олимпиадасының алауы тұтанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олимпиада ойындарының ресми салтанатты ашылу рәсімі Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00 де басталады.

Ал әдеттегідей ашылу рәсімінен бұрын олимпиадашылар алғашқы іріктеу сындарын бастайды.Олардың қатарында Қазақстан спортшылары да бар.

Атап айтсақ, алғашқы жарыс күні қазақстандық спортшылар академиялық есу және садақ атудан сынға түседі.

23 шілдеге арналған жарыс кестесі:

Нұр-Сұлтан уақытымен:

Садақ ату. Ерлер:

Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин.

Басталуы: 10:00.

Академиялық есу, іріктеу:

Владислав Яковлев

Басталуы: 5:30

Естеріңізге сала кетейік, Токио Олимпиадасында әлемнің 200 мемлекетінен келген 11 мыңға жуық спортшы спорттың 33 түрінен бақ сынайды. Атлеттер жалпы есебі 339 жүлде жиынтығын сарапқа салады.


Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт, Олимпиада,
Жоғары қарай