Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бүгін кешке Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясында бейнеүндеу жасайды

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 17:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін БҰҰ Бас ассамблеясында бейнеүндеу жолдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімет таратты.

«Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен сағат 20.00-ден кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі кездесуде бейнеүндеу жасайды» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің тікелей трансляциясын БҰҰ веб-сайтынан көруге болады.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясының жұмысына қатысатынын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай