Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бүгін Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды

2021 жылдың 9 желтоқсан 2021 05:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 9 желтоқсанда еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктер мәліметінше, бейсенбі күні ауа сапасы Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Теміртау қалаларында нашарлайды

Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Басты сөздер: Қазгидромет, Экология,
Жоғары қарай