Бүгін Қазақстанның бір қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 1 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2022 жылғы 21 наурызда Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.
Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.