Бүгін Қазақстанның 8 қаласында ауа ластанады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 8 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
«2022 жылғы 15 сәуірде Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Шымкент, Риддер (1-дәрежелі), Семей (1-дәрежелі), Өскемен (1-дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасуы ықтимал»,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.