Бүгін Қазақстанның 2 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 2 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
2022 жылғы 20 наурызда Нұр-Сұлтан, Павлодар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.
Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.