Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Бүгін Қазақстанда екінші мәрте жер сілкінді

2019 жылдың 13 қазан 2019 21:38

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстан аумағында екінші мәрте жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ 13 қазан күні Алматы уақыты бойынша 20 сағат 24 минут 37 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 457 км қашықтықта Алматы облысының аумағында болған.

Зілзаланың энергетикалық класы 8.9. Магнитуасы 4.0 MPV. Бағыты 45.69° солтүстік ендікте, 81.49° шығыс бойлықта. Тереңдігі 10 км. Сезілу деңгейі байқалмайды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында жер сілкінгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Жоғары қарай