Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бүгін Қарағандыда қалалық автобустардың үштен бір бөлігі жолға шықпады

2021 жылдың 10 қазан 2021 20:05

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда бүгін қалалық бағыттарда бүкіл қоғамдық көліктің шамамен 30% жұмысқа шықпады. Қарағандылықтар аялдамаларда автобусты ұзақ күтуге тура келді деп шағымданып жатыр. Бұл жағдайға қатысты қала әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Қарағандыда қалалық бағыттарда жүретін бірнеше автобус жолға шықпады. Бұл жағдайға жанармай құю бекеттерінде дизель отынының болмауы себеп.

«Бүгінде қалалық бағыттарда 193 автобус бар, бұл демалыс күнінің кестесі бойынша жоспардың 72% құрайды. Автожанармай құю станцияларында дизель отынының болмауына байланысты №02 маршрут шықпады, кей маршруттарда жолаушылар көлігінің саны қысқартылған. №28 және 29 маршруттар желіде», - деп түсіндірді қалалық әкімдікте.

Сондай-ақ, ведомствода хабарлағандай, ертең 11 қазанда қала автопарктерінің ақпараты бойынша барлық бағдарлар жоспарлы іске қосылады.

Бұл мәселе Қарағанды қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары ШҚ бөлімінің бақылауында.

Айта кету керек, жуырда Батыс Қазақстанда да осындай жағдай болған еді.

Онда жүк көліктері және автобустар дизель отынының тапшылығына байланысты рейстерге шыға алмады.

Белгілі болғандай, дизель отынының тапшылығына Павлодар мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеуге тоқтауы себеп болған.

Жағдайды шешу үшін Қазақстан билігі Ресейден 100 мың тонна дизель сатып алу жоспары туралы мәлімдеді.

Жоғары қарай