Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бүгін – Еңбек күні

2020 жылдың 27 қыркүйек 2020 07:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін - 27 қыркүйекте Қазақстанда Еңбек күні тойланады. Осыдан жеті жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйектің соңғы жексенбісін Еңбек күні деп бекітті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасының 2013 жылғы 22 қазандағы №698 Жарлығымен қоғамдағы Адам еңбегінің беделін өсіруге, өндіруші еңбекті ынталандыруға, жұмыс мамандықтарын насихаттауға және өндіріс саласына жастарды тартуға, жұмыс әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту мақсатында Елбасының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясын нығайту шеңберінде қыркүйектің соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып белгіленді.

Сонымен қатар «Еңбек ардагері» медалі бекітілді.

Марапат еңбек қызметінде жоғары нәтижеге қол жеткізген өндіріс озаттарына, еңбек өтілі 40 жылдан асқан, бір салаға кемінде 10 жыл еңбек сіңірген жұмысшыларға беріледі.

Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай