Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бүгін Дүниежүзілік қол жуу күні

2021 жылдың 15 қазан 2021 09:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2008 жылда бері 15 қазанда «Дүниежүзілік таза қол күнін» (Global Handwashing Day) аталып өтіледі. Бұл шара БҰҰ Бас ассамблеясы ЮНИСЕФ балалар қорымен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша өткізілеп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығына сілтеме жасап.

Бұл күн қол жуудың денсаулыққа әсері туралы халықтың хабардарлығын арттыруға арналған. Дүниежүзілік таза қол күні жеке гигиена негіздеріне арналған. Оның басты мақсаты - үйде де, одан тыс жерлерде де қолды жууды дағдылы әрекетке айналдыру.

Адам алақанымен бітн жауып түшкіреді немесе жөтеледі, содан кейін ол қолымен есік тұтқасынан немесе көліктегі тұтқаны ұстайды, кейін тура сол тұтқаны сізді ұстайсыз. Вирустар мен бактериялардың бәрі сіздің қолыңызда қалады. Бұл жағдайдың өзі қорқынышты емес. Мәселе, біз бейсаналы түрде бетімізді қолымызбен қстаймыз, зерттеуге сәйкес, орташа есеппен сағатына 23 рет, яғни күніне жүздеген рет ұстайды екенбіз. Әрбір осындай жанасу арқылы ағзаға ауыздың, мұрынның және көздің шырышты қабаттары арқылы инфекцияның кіру қаупі бар. Егер сіз қолыңызды үнемі жусаңыз, қауіп айтарлықтай төмендейді.

Антисептиктер, майлықтар, гельдер және құрамында спирті бар басқа дезинфекциялық заттар пайдалы болуы мүмкін, бірақ қарапайым сабынмен ештеңені салыстыруға болмайды. Сабын мен судың үйлесімі жұқпалы ауруларға, соның ішінде коронавирусқа қарсы ең күшті қарудың бірі болып қала береді. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қолды жуу мүмкін болмаса, антисептикті сабынға балама ретінде ғана қолдануды ұсынады.

Ең бастысы - қолды дұрыс жуу: оны кем дегенде 20 секунд жуу ұсынылады. Алақанның сыртына, сондай-ақ саусақтардың арасындағы теріге назар аудару керек. Тырнақтарды да ұмытпаңыз - олардың астында үнемі кір, тамақ қалдықтары және патологиялық микроорганизмдердің көбеюіне тамаша жағдай жасайтын басқа заттар жиналады.

Қолды тамақ пісірер алдында және дастархан дайындамас бұрын; тамақтанар алдында; көшеден келгенде немесе қоқыс шығарғанда; қоғамдық орындардан үйге оралғанда немесе қоғамдық көлікте жүргеннен кейін; дәретханаға барғаннан кейін; жараны емдеуден бұрын және кейін; үй жануарларымен ойнағаннан кейін және т. б. жуу керек. Бұл диарея ауруының деңгейін 40 пайыздан астам, ал тыныс жолдарының инфекциясын 25 пайызға дейін төмендетеді.


Басты сөздер: Халықаралық ұйымдар, Қоғам,
Жоғары қарай