Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бүгін Алматының қай көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

2021 жылдың 17 сәуір 2021 11:40

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшелерінде жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық әкімдігінің мәліметінше, жөндеу жұмыстары барлық ауданда жүргізіледі.

Алатау ауданы: Райымбек даңғылы, Ертарғын, Орбұлақ, Сәдуақасов, Әуезов көшелері мен мен «Өжет» ықшамауданы.

Жетісу ауданы: «Айнабұлақ» ықшамауданы, Ратушный көшесі, Серіков көшесі Қазыбаевтан Ангарскаяға дейін.

Әуезов ауданы: Науаи, Төле би, Саин көшелері мен «Алтын Бесік» ықшамауданы

Наурызбай ауданы: Райымбек даңғылы мен Әшімов, Жоспарлау, Жандосов көшелері

Алмалы ауданы: Радостовец, Клочков, Кәрімов,Түркебаев, Чайковский, Мәулен көшелері.

Медеу ауданы: Инженерная, Игишев көшелері мен «Самал» ықшамауданы.

Түрксіб ауданы: Бартольд, Шацкий, Тренев, Некрасов, Клара Цеткин, Земнухов, Сортировочная көшелері жөнделеді.

Бостандық ауданы: Березовский, Тәжібаев, Құсайынов, Си Синхай, Радостовец, Штраус, Т. Бокин көшелері.

Күнделікті жөндеу жұмысына 400-ден астам жұмысшы мен 155 арнайы техника жұмылдырылады. Алматының 256 көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Жалпы, Алматы қаласында көше-жол желісінің ұзындығы 3 096,8 шақырым, көше саны - 2 746. Оның ішінде магистральды маңызы бар көше саны - 385, олардың ұзындығы 1 150 шақырым. Жергілікті маңызы бар көше саны - 2361, олардың ұзындығы 1 946,8 шақырым.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Жол, Құрылыс, Алматы,
Жоғары қарай