Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бүгін Алматының Әуезов ауданында суық су болмайды

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 11:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әуезов ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар бір күнге суық судан ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті.

«15 қыркүйек күні таңғы сағат 8:00-ден түнгі 00:00-ге дейін «Жетісу-1», «Жетісу-2», «Жетісу-3», «Жетісу-4» ықшам аудандары, сондай-ақ, «Достық» ықшам ауданындағы Ұлағат көшесінде орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарға суық су беру тоқтатылады»,- деп хабарлайды «Алматы су» кәсіпорны.

Сондай-ақ су қысымының төмендеуі «Ақсай-4», «Ақсай-5» ықшамаудандарының желілерінде де байқалуы ықтимал.

Бұл шектеулер технологиялық жабдықты ауыстыру үшін қажет.

«Алматы су» МКК уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеді.

Жоғары қарай