Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Брюссельдегі тәртіпсіздіктер кезінде үш полицей жарақат алды

2022 жылдың 24 қаңтар 2022 10:17

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Брюссельде басталған санитарлық шектеулерге қарсы бейбіт митинг полициямен қақтығысқа ұласты. Соның салдарынан бірнеше ғимарат қирады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, маршқа 100 мың адам қатысуы тиіс еді. Полиция акцияға 50 мың адам қатысқанын хабарлады.

Сағат 14 шамасында ереуілшілер полициямен қақтығысқан, құқық қорғаушылар көзді жасаурататын газ бен су шашатын құрылғыларды пайдаланды. Алайда ереуілшілер Бельгия астанасындағы Еурапалық кварталда орналасқан жекелеген әкімшілік ғимараттар, қоғамдық тамақтану орындары мен метроның кіреберісін талқандап үлгерді.

Шерушілер Еуропалық сыртқы әрекет қызметінің (European external action service) кеңсесіне шабуыл жасады.

Брюссель полициясы тәртіпсіздікке қатысқан 70-ке жуық адамды ұстады. 15 адам, соның ішінде үш полицей ауруханаға түсті.

«Біз әркімнің пікіріне құлақ асуымыз керек. Бірақ демонстрацияны күшпен басып алып, оны өз мақсатына пайдаланбақшы болғандармен келіссөз жүргізбеймін, - деп атап өтті Бельгияның Ішкі істер министрі Аннелис Верлинден. – Бұл ақылға қонбайды және бұл өз талаптарын жеткізудің тәсілі емес».

Автор: Арнур Рахымбеков



Басты сөздер: Еуропа,
Жоғары қарай