Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Брюссельде қайырымды жандар велосипед жолын дамытуға 800 мың еуро бөлді

2021 жылдың 16 сәуір 2021 08:28

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – «Брюссельдегі велосипедтер» қоры 800 мың еуро жинады. Бұл Бельгия астанасында велосипед инфрақұрылымын дамытуға бағытталмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

«Брюссельдегі велосипедтер» қоры 2018 жылдың соңында құрылды. Бельгия астанасында велосипед жобаларын қолдау үшін демеушілік қаражатты үнемі бөлуге көмектеседі.

Қордың барлық қаржысы жеке меценаттардан түседі. Бейсенбі күні Бодуэн король қорының сайтында велосипед инфрақұрылымын дамытудың он түрлі жобасына 800 мың еуро көлемінде кезекті инвестиция салынатыны жарияланды.

«Мақсат айқын: Брюссель аймағында қауіпсіз және тиімді жүрудің таңдаулы тәсілі ретінде көптеген адамға велосипедті таңдауға мүмкіндік беру»,- делінген Бодуэн король қорының сайтында.

Жақын арада Брюссельде Суверэн бульварындағы велосипед жолының бір бөлігін кеңейту, «VUB» және «ULB» университеттерінің кампустарын байланыстыру үшін велосипед өткелін салу, жергілікті велосипед маршруттарына жол белгілерін қою жоспарлануда.

«Bruxelles Mobilité»-нің соңғы мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылы Брюссельде велосипедшілер саны 64%-ға артқан.


Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай