Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Британияға «Арвен» дауылы жақындап қалды

2021 жылдың 26 қараша 2021 22:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның бірнеше аудандары жақындап келе жатқан «Арвен» дауылы салдарынан қауіптің қызыл (ең жоғары) деңгейін жариялады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы сағатына 160 шақырымға жетуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Табиғи апат осы демалыс күндері негізінен Англия мен Шотландияның солтүстік-шығысында болады деп күтілуде. Билік бұл аудандардың тұрғындарынан алдағы күндерге жоспарланған сапарларын кейінге қалдыруды, сондай-ақ қарттар мен көршілерге ерекше көңіл бөлуді сұрайды. Жағалаудағы қалаларда арнайы қауіпсіздік шараларын қолдану ұсынылды.

Метеорологиялық қызмет өкілінің айтуынша, ондағы толқындар 9-10 метрге дейін жетуі мүмкін, сондықтан теңіз жағасында серуендеуді кейінге қалдыру керек. Орталық Англияда қызғылт сары (орташа) қауіптілік рейтингі бар. Англия, Уэльс және Солтүстік Ирландияның оңтүстік-батысында – сары (ең төменгі). Дегенмен, синоптиктер Біріккен Корольдікте көлік қозғалысының тоқтауы, электр қуатының үзілуі, телефон және ұялы байланыстың істен шығуы мүмкін екендігін ескертеді. Алдағы демалыс күндері елдің көптеген жерлерінде Рождестволық фестивальдер мен базарлар тоқтатылды. Ауа температурасы да жылдың осы уақытында әдеттегіден суық, яғни түнде нөлден төмен, күндіз Цельсий бойынша небәрі 10 градусқа таяу болмақ

Бұл биыл Арвен атауына ие болған дауыл – Ұлыбританиядағы алғашқысы. Әдетте атаулар белгілі бір жойқын күштің циклондарына беріледі.

Басты сөздер: Оқиға, Еуропа, Әлем,
Жоғары қарай