Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Британияда жүк көлігінде тұншығып өлген 39 мигранттың қазасына кінәлі 4 адам сотталды

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 22:02

ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Лондонда Въетнамнан келген 39 мигранттың өліміне себепші болған төрт адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Төрт айыпталушы 2019 жылы Англияда жүк көлігінің тіркемесінен табылған 39 мигранттың өліміне себепші болғаны үшін 13 жылдан бастап 27 жылға дейін жаза арқалады.

Екі негізгі айыпталушы - Солтүстік Ирландияның тумасы, 41 жастағы жүргізуші Ронан Хьюз - 20 жылға, 43 жастағы Румыния азаматы Георге Ника - 27 жылға сотталды.

Тағы екі жүргізушінің біреуі 13 жыл 4 айға, екіншісі 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 23 қазанында Ұлыбританияның Эссекс графтығындағы Грейс қаласында көлік тоңазытқышынан 31 еркек пен сегіз әйелдің мәйіті табылған еді.

Британия полициясының мәліметінше, адамдарға жүк көлігінде ауа жетпей, тіркеменің іші қатты ысып кеткен.

Қаза тапқандардың арасында 26 жастағы Фам Тхи Тра Май болған. Ол 22 қазанда отбасына тыныс ала алмай жатқанын айтып, хат жолдаған.

Полиция болжамына сенсек, жүк көлігі Болгариядан келіп, Уэльс графтығының Холихед порты арқылы ел аумағына 19 қазанда кірген.

Жаппай кісі өліміне байланысты бірнеше адам тұтқындалды.

Кейіннен жүк көлігінен денесі табылған 39 адамның аты-жөні белгілі болды.

Осыған байланысты Эссекс полициясы Вьетнамға барып, тергеу жүргізді. Нәтижесінде жеті адамға айып тағылды.



Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Еуропа, Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай