Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Brent маркалы мұнайдың бағасы 115 доллардан асты

2022 жылдың 17 мамыр 2022 15:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың 17 мамырында Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы сәуірдегі бағамен салыстырғанда (барреліне $104,58) 9,1% өсіп, барреліне 115,05 долларды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Investing сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, биыл мұнайдың бұл түрі құнының ең жоғары көрсеткіші 2022 жылдың 8 наурызында барреліне 127 доллар болған.

Brent мұнайы Лондонның ICE фьючерстік биржасы арқылы әлемдік нарықта электронды түрде сатылатын шикі мұнайдың әлемдік жеткізілімінің жартысынан көбін құрайды және әлем бойынша мұнай сатып алу үшін базалық баға ретінде қызмет етеді.

Солтүстік теңізден өндірілетін Brent маркалы мұнай сондай-ақ London Brent, North Sea Oil, Brent Blend және Brent petroleum атауларымен белгілі.

Бұл – WTI-дан сәл ауыр және күкірті аз, дизельді, бензинді өңдеуге өте ыңғайлы жеңіл шикі мұнай маркасы.


Басты сөздер: Мұнай, Газ, Энергетика, Баға,
Жоғары қарай