Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Brent маркалы мұнай бағасы мамырдан бері алғаш рет $66 төмендеді

2021 жылдың 19 тамыз 2021 18:08

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні сауда-саттықта бір баррель мұнай бағасы $66 арзандап, мамырдан бері алғаш рет ең төменгі деңгейге түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Brent маркалы мұнай бағасы 1,87 долларға (2,7%) арзандап, 66,36 доллар болды. Бұл мамырдан бері тіркелген ең төменгі көрсеткіш. Сондай-ақ, WTI маркалы мұнай құны 1,96 долларға (3%) төмендеп, $63,50 доллар болды. Екі мұнайдың бағасы да алты күннің ішінде төмендеді.

Халықаралық энергетикалық агенттік өз болжамында мұнайға деген сұранысты Delta штамының таралуымен байланыстырып отыр. Алайда, ОПЕК болжамы өзгеріссіз қалды.


Басты сөздер: Мұнай, Әлем,
Жоғары қарай