Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Brent маркалы мұнай бағасы мамыр айынан бері алғаш рет 65 доллардан арзандады

2021 жылдың 21 тамыз 2021 12:22

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат - Лондон ICE биржасында 2021 жылдың қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 64,97 долларға дейін 2,23%-ға төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл қор биржаларындағы сағат 00:02-дегі сауда алаңындағы деректерден мәлім болды. Соңғы рет Brent бағасы 21 мамырда барреліне 65 доллардан төмен болған. Сағат 00:21-ге қарай Brent маркалы мұнай бағасы $65,04 (-2,12%) деңгейінде болған.

WTI маркалы мұнай барреліне 61,86 долларға дейін арзандады (- 2,58%).


Басты сөздер: Әлем, Мұнай,
Жоғары қарай