Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бразилиялықтың 30 метрден соққан добы қақпа торын тулатты

2017 жылдың 30 қазан 2017 12:22

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Шанхай СИПГ» клубында ойнайтын бразилиялық шабуылшы Халктың 30 метрден соққан добы қақпадан бір-ақ шықты

Осынау қызықты сәт - Youtube-те Sportmiambe арнасында жарияланды.

Қытай чемпионатының 29 турындағы матчта «Шанхай СИПГ» сырт алаңда «Хэнань Констракшн» командасымен кездескен болатын. Бірінші таймнан соң алаң иелері 1:0 есебімен алда келе жатқан. Ойынның 52 минутында «Хэнань Констракшн» ойын ережесін бұзды. Қақпаға дейінгі қашықтық 30 метрден астам еді. Бірақ Халк айып добын діттеген жеріне жеткізе білді. Оның қақырата тепкен добы қақпа торын тулатты.

Бір қызығы, бразилиялық ойын соңында пенальтиден де гол кіргізді.

Бұл ойында «Шанхай СИПГ» 4:2 есебімен жеңіске жетті. Айта кетсек, бұл клуб қытай чемпионатында екінші орында келеді. Ал Халк команда құрамында 38 матч өткізіп, 26 гол салды.

Автор Ерлан Қожакелдиев
Басты сөздер: Видео, Спорт,
Жоғары қарай