Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бразилияда коронавирустан 81 мың адам көз жұмды

2020 жылдың 22 шілде 2020 20:43

САН-ПАУЛУ-РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат – Бразилия президенті Жаир Болсонару коронавирусқа қан талдауын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бразилия коронавирус пандемиясынан қатты зардап шеккен елдер тізімінде Америка Құрама Штаттарынан кейінгі екінші орында тұр.

Денсаулық сақтау министрлігінің статистикасы бойынша, Балсонару коронавирус анықталған 2,2 миллион тұрғынның бірі. Бразилияда COVID-19-дан 81 000 адам көз жұмды.

Еске сала кетсек, 7 шілде күні Балсонарудың коронавирусқа тапсырған қан талдауы президенттің вирус жұқтырғанын анықтады. Өткен аптада тапсырған екінші талдау да коронавирус бар екенін көрсетті.

Бұған дейін Балсонару коронавирус инфекциясымен күресте тиімділігі дәлелденбеген «гидроксихлорохин» препаратын қолданғанын хабарлаған. Препаратты АҚШ президенті Дональд Трамп та жарнамалаған болатын. Оның ойынша, бұл дәрі аурудың жеңіл өтуіне көмектеседі.

Бразилия президенті жағдайының жақсы екенін айтып, тіпті жұма күні елдің солтүстік-шығысындағы Пиауи штатына сапарлап баруды жоспарлап отқанын жеткізді.


Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай