Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Браконьер қойдікі деп бой бермей қойған ет сараптамаға жіберілді

2020 жылдың 7 қаңтар 2020 21:53

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ер адамның көлігінен аңшы қаруы, патрондар мен аңның сойылған еті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсталған уақытта Петропавл қаласының 36 жастағы тұрғыны сойылған – қойдың еті деп бой бермей қойған көрінеді. Табиғат қорғаушылар мен Мағжан Жұмабаев ауданының учаскелік полиция қызметкерлері оның сөзіне сенбей, етті сараптамаға жіберген. Сараптама қорытындысына сай, процессуалдық шешім қабылданады. Факт сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестріне «Заңсыз аң аулау» ретінде тіркелді.

«Тұяқты жануарларды – бұлан, қабан, марал, сібір елігін 1 қаңтардан бастап аулауға болмайды. 15 ақпанға дейін мамық жүнді аңдарды – түлкі, қарсақ, қоян, жанат тәрізді ит пен ондатрды аулауға рұқсат бар. Осы аралықта экологиялық қылмыстар мен әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алуға, ашуға ерекше маңыз беріледі», - дейді табиғат қорғау полициясы тобының бастығы міндетін атқарушы Асхат Қожабаев.


Жоғары қарай