Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Борышкер» операциясы: Алматыда айыппұл төлемегендердің көлігін тартып алады

2021 жылдың 20 қыркүйек 2021 15:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлемейтіндерге тексеру басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қалада «Борышкер» жедел-алдын-алу шарасы жүріп жатыр.

«Құқық бұзушылыққа нөлдік төзбеушілік» қағидасын жүзеге асыру, бұзушылық үшін жазаның міндетті түрде болатынын және әкімшілік айыппұлдарды өндіру тиімділігін арттыру мақсатында Алматы полициясы «Борышкер» жедел-алдын-алу іс-шарасын жүргізуде. Жол қозғалысы көп жерлерде шараны өткізуге жол-патрульдік полициясының автокөлік экипажы қатысады. Әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар борышкерлерді автоматты түрде есептейтін «ЖҚҚ» ААЖ және «Сергек» АӨК де қолданылады»,- деп хабарлады полициядан.

Құқық бұзушының көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылады.

«Жоспарланған кезеңдік іс-шара, шектеулері бар адамдар мен көлік құралдарын анықтауға, сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша міндеттемелерді ерікті түрде, заңмен белгіленген мерзімде орындамаған адамдарды анықтауға бағытталған. Қозғалып келе жатқан көлік ағынының арасында жүйе құқық бұзушының көлігін анықтайтын болса, инспектор көлікті тоқтатады және тоқтау себебін түсіндіреді. Содан кейін құқық бұзушының көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылады. Тұру орнында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес тәркілеу хаттамасы жасалады. Мұндай әкімшілік шаралар құқық бұзушылардың заңды міндеттемелерді уақытында орындауына тиімді әсер етеді деп есептеймін», – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Сондай-ақ, іс-шараға Өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының сот орындаушылары мен Алматы қаласы прокуратурасының қызметкерлері қатысады.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Көлік,
Жоғары қарай