Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Борышкер атқарушылық іс жүргізілгенін SMS арқылы біледі

2020 жылдың 14 шілде 2020 15:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда борышкерлер атқарушылық іс жүргізудің қозғалуы туралы ақпаратты SMS арқылы алатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Енді борышкер ұялы телефон нөміріне атқарушылық іс жүргізудің қозғалуы, онда қолданылатын шектеу шаралары туралы және іс бойынша басқа да мәліметтерді алатын болады», - делінген ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Осы жылдың 27 маусымында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң атқарушылық іс жүргізу тараптарын хабардар ету институтын жетілдіреді.


Жоғары қарай