Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Боран салдарынан Үшарал-Достық жолы жабылды

2021 жылдың 24 қаңтар 2021 16:49

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Боран салдарынан «Үшарал-Достық» күре жолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Казахавтодор« ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 2021 жылдың 24 қаңтары сағат 15:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты боран, көріну шектеулі) «Үшарал - Достық« республикалық маңызы бар автожолында (0-84 шақырымдары) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабылды. Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге қажетті барлық заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз»,- делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

ТЖД өкілдері азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.


Жоғары қарай