Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бокстан Қазақстан чемпионатының жүлде қоры белгілі болды

2020 жылдың 23 қараша 2020 01:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бокс федерациясы Шымкентте өтетін ел чемпионатының жүлде қорын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Чемпионаттың ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, бірінші орын алған боксшылар 500 мың, екінші орын алғандар 300 мың, үшінші орын алғандар 100 мың теңге көлемінде, ақшалай сыйақы алады.

Чемпионатта ерлер мен әйелдер өнер көрсетеді. Кездесулер Шымкенттегі Әлия Жүсіпова атындағы спорт кешенінде өтеді. Жарыстар 23 қараша күні сағат 11:00-де басталады.


Перевод Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Спорт, Қоғам, Бокс,
Жоғары қарай