Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бокстан әскерилер арасындағы ӘЧ: Қазақстандықтар 3 «алтын» алды

2021 жылдың 25 қыркүйек 2021 23:50

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Қазақстан құрамасы Мәскеуде бокстан әскерилер арасында өткен Әлем чемпионатында 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

49 келіге дейінгі салмақта «алтын» үшін Т.Жүсіпов бразилиялық боксшы Леандерсон Консейсаомен кездесті. Теміртас төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетіп, Қазақстанға турнирдегі алғашқы алтын жүлдені алып келді. Оның алдында Т.Жүсіпов Бум Сео Квакты (Оңтүстік Корея), Абеднег Макклатені (Кения) және Володя Мнацаканянды (Ресей) жеңген болатын.

75 келіге дейінгі санатта Тимур Нұрсейітовке жастар арасындағы әлем чемпионы, ресейлік Алексей Семыкин қарсылас болды. Айқас төрешілердің әртүлі шешімімен Нұрсейітовтің пайдасына шешілді.

91 келіге дейінгі салмақта Абзал Құттыбеков «алтын» үшін Ресей чемпионы Иван Сагайдакпен айқасты. Бұл жекпе-жекте де төрешілердің шешімі бірауызды болмады. Жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирде 3 алтын медаль олжалады.

Айта кетсек, финалда 52 келіге дейінгі салмақтағы Дамир Әбдіқадыр да өнер көрсеткен болатын. Ол жастар арасындағы Ресей чемпионы Дмитрий Двалимен кездесті. Жекпе-жек төрешілердің әртүрлі шешімімен Д.Әбдіқадырге берілген еді. Алайда, жекпе-жектен кейін ресейлік тарап апелляцияға беріп, тәуелсіз комиссия айқас нәтижесін қайта қарап, жеңісті Д.Двалиге берді. Осылайша, Дамир Әбдіқадыр турнирдің күміс медалін қанағат тұтты.

Қазақстанның ерлер құрамасының еншісінде 3 «алтын», 1 «күмістен» бөлек, екі қола медаль бар. Жалпы командалық есепте бірінші орынды - Ресей, екінші орынды - Қазақстан, үшінші орынды Өзбекстан құрамалары жеңіп алды.

Ал ҚР әйелдер құрамасына турнирде 1 ғана қола жүлде бұйырды. Оны Жасмин Қизатова (69 кг) иеленді.



Перевод Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Видео, Қоғам, Спорт, Бокс, Әскер,
Жоғары қарай