Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бокстан әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы жасақталды

2021 жылдың 18 қазан 2021 21:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі еліміздің бокс федерациясына сілтеме жасап.

Биыл Сербия астанасы Белград қаласында бокстан әлем чемпионаты өтеді.

Оған баратын еліміздің ұлттық құрамасының тізімі белгілі болды. Боксшылар екі мәрте ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиыны барысында нақтыланды.

Құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов төмендегі ойыншыларға сенім артты.

48 келі. Теміртас Жүсіпов

51 келі. Сәкен Бибосынов

54 келі. Махмуд Сабырхан

57 келі Серік Теміржанов

60 келі. Саматали Төлтаев

63,5 кел. Санатали Төлтаев

67 келі. Абылайхан Жүсіпов

71 келі. Асланбек Шымбергенов

75 келі. Нұрқанат Райс

80 келі. Нұрбек Оралбай

86 келі. Бек Нұрмағамбет

92 келі. Айбек Оралбай

92 келіден жоғары Нұрлан Сапарбай

Айта кетейік, әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 2,6 млн АҚШ долларын құрайды.

Жеңімпаз 100 000 доллар алса, күміс жүлдегер 50 000, қола жүлдегер 25 000 доллар алады.

Әлем чемпионаты 24 қараша және 6 қараша аралығында өткізіледі.

Дүниежүзлік дода 1974 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қазақстан құрамасы бүгінге дейін 12 алтын, 13 күміс, 21 қола жүлде алды.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай