Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бокстан әлем чемпионаты: Теміртас Жүсіпов ширек финалға шықты

2021 жылдың 30 қазан 2021 19:05

БЕЛГРАД. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін Теміртас Жүсіпов алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшы 48 келі салмақта 1/8 финалда сербиялық Омер Аметовичпен қолғап түйістірген еді.

Жекпе-жек барысында Теміртас қарсыласының осал тұсын тапты. Соққыны көбірек жұмсап, ұпай қорын молайтты. Нәтижесінде төрешілердің басым бөлігі оның жеңісіне қолдау білдірді. Ол 1/4 финалға жолдама алды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Махмуд Сабыржан (54 келі), Саматәлі Төлтаев (60 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райс (75 келі), Айбек Оралбай (92 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ал Бек Нұрмағамбет (86 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келі) қарсыластарына жол берді.

Сондай-ақ, бүгін күндізгі сессияда Нұрбек Оралбай (80 келі) бразилиялық Исаяс Фильомен шаршы алаңға шығады.

Ал кешкі сессияда Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) молдовалық Василий Чеботарьмен кездеседі.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай