Бокстан әлем чемпионаты: Санатәли Төлтаев молдовалық қарсыласын жеңді

БЕЛГРАД. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Санатәли Төлтаев алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық боксшы 63,5 келі салмақта сынға түсті. Ол 1/16 финалда молдовалық Василий Чеботарьды жеңді. Төрешілер бірауыздан Санатәлидің жеңгенін жариялады.
Айта кетсек, бұдан бұрын Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабыржан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райс (75 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Ал Бек Нұрмағамбет (86 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келі) қарсыластарына жол берді.