Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бокстан әлем чемпионаты: Саматәли Төлтаев таиландтық боксшыны тізе бүктірді

2021 жылдың 29 қазан 2021 23:09

БЕЛГРАД. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Саматәли Төлтаев алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Саматәли Төлтаев 60 келі салмақта таиландтық Хунатип Пиднучпен шеберлік байқасты.

Алғашқы раундта боксшылар тең деңгейде ойын көрсетті. Алғашқысында Саматәли жеңіске жетсе, екіншісінде таиландтық боксшы басым түсті. Үшінші раундта төрешілер қазақстандық боксшының жеңіске жеткенін растады.

Осылайша Саматәли жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Еске салсақ, бүгін Махмуд Сабыржан (54 келі) 1/16 финалда Оңтүстік Кореядан келген Ин Кю Киммді тізе бүктірсе, Айбек Оралбай 92 келі салмақта 1/16 финалда польшалық Матеуш Березницкидің осал тұсын тапты.

Енді Асланбек Шымбергенов (71 келі) өзбек спортшысы Шахрам Гиясовпен кездеседі. Асланбек бұдан бұрын 1/32 финалда ирандық Фархад Моради Аташгахты тізе бүктірген еді.

Әлем чемпионатына ел құрамасында 13 боксшы барды. Олардың арасынан Бек Нұрмағамбет (86 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келі) қарсыластарына жол берді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қоғам, Бокс,
Жоғары қарай