Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін 4 боксшы шаршы алаңға шығады

2021 жылдың 30 қазан 2021 11:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін, 30 қазанда ел құрамасынан қазақстандық төрт боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшылар күндізгі және кешкі сессияда бақ сынайды.

Күндізгі сессияда Теміртас Жүсіпов (48 келі) сербиялық Омер Аметовичпен қолғап түйістірсе, Нұрбек Оралбай (80 келі) бразилиялық Исаяс Фильо, Нұрқанат Райыс (75 келі) молдовалық Влад Гавриличпен шеберлік байқасады. (Молдова)

Ал кешкі сессияда Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) молдовалық Василий Чеботарьмен кездеседі.

Еске салсақ, кеше Махмуд Сабыржан (54 келі) 1/16 финалда Оңтүстік Кореядан келген Ин Кю Киммді тізе бүктірді.

Ал Саматәлі Төлтаев (60 келі) таиландтық Хунатип Пиднучтің осал тұсын тапса, Асланбек Шымбергенов (71 келі) өзбек спортшысы Шахрам Гиясовты қапы қалдырды.

Одан кейін Айбек Оралбай 92 келі салмақта 1/16 финалда польшалық Матеуш Березницкиді жеңді.

Әлем чемпионатына ел құрамасында 13 боксшы барды. Олардың арасынан Бек Нұрмағамбет (86 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келі) қарсыластарына жол берді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай