Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Бокстан Әлем чемпионаты: Айжан Қожабекова жарысты жалғастырады

2019 жылдың 5 қазан 2019 19:25

УЛАН-УДЭ. ҚвзАқпарат - Бүгін Ресейдің Улан-Удэ қаласында өтіп жатқан бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Айжан Қожабекова алғашқы жекпе-жегінде қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айжан Қожабекова 57 келі салмақта шаршы алаңда Дженифер Чэнгты тізе бүктірді. Қазақстандық боксшы өз жекпе-жегінде қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Төрешілер бірауыздан оның жеңгенін мақұлдады.

Айжан Қожабекова 1995 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласында дүниеге келген. Ол 2016 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Дариға Шәкімова чехиялық Мартина Шморзановадан басым түсті.

Айта кетейік, 3 қазанда Назым Қызайбай (51 келі) жапон спортшысы Намики Тсукимиден, Алуа Балқыбекова (48 келі) өзбекстандық Гүласал Султоналиевадан жеңіліп қалған еді.

Сондай-ақ, бүгін Қазақстан құрамасы сапынан Ақерке Бақытжан (75 келі) шаршы алаңға шығады.

Еске салайық, бокстан Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері Ерік Алғабек Әлем чемпионатына он салмақта шәкірттерін алып барды. Олардың қатарында Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (51 келі), Дана Жоламан (54 келі), Айжан Қожабекова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Милана Сафронова (64 келі), Дариға Шәкімова (69 келі), Ақерке Бақытжан (75 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Дина Исламбекова (81 келіден жоғары) бар.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Бокс, Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай