Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бокстан әлем чемпионаты: Асланбек Шымбергенов Шахрам Гиясовті жеңді

2021 жылдың 30 қазан 2021 00:34

БЕЛГРАД. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Асланбек Шымбергенов екінші жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асланбек Шымбергенов (71 келі) өзбек спортшысы Шахрам Гиясовпен кездесті.

Бірінші раунд қазақстандық боксшының басымдығымен аяқталды. Екінші раундта төрт төреші Асланбекке сенім білдірсе, біреуі өзбек боксшысына қолдау көрсетті.

Енді Асланбек 1/8 финалда германиялық Магомед Шачидовпен қолғап түйістіреді.

Шахрам Гиясов - тәжірибелі боксшының бірі. 2016 жылы Рио олимпиадасында «күміс» алса, 2017 жылы Әлем және Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты.

Асланбек бұдан бұрын 1/32 финалда ирандық Фархад Моради Аташгахты тізе бүктірген еді.

Еске салсақ, бүгін Махмуд Сабыржан (54 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі), Айбек Оралбай (92 келі) қарсыластарынан басым түсіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Әлем чемпионатына ел құрамасында 13 боксшы барды. Олардың арасынан Бек Нұрмағамбет (86 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келі) қарсыластарына жол берді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Бокс, Қоғам,
Жоғары қарай