Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бокстан ӘЧ: 20 жастағы Махмуд Сабырхан ширек финалға шықты

2021 жылдың 31 қазан 2021 19:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, 20 жастағы Махмуд Сабырхан Сербия астанасы Белградта бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін 54 келіге дейінгі салмақта М.Сабырхан екінші айналымда шотландиялық Мэттью Макхэйлмен жұдырықтасты.

Махмуд үш раунд бойы ширақ қимылдап, қарсыласына соққыларын дәл тигізіп отырды.

Төрешілер (4:1) жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

М.Сабырхан 2 қараша күні жартылай финалға шығу үшін бразилиялық Майкл Тринидадпен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бүгін шаршы алаңға кімдер шығатынын жазған болатынбыз.

Кешкі сессияда Қазақстаннан Саматәли Төлтаев, Асланбек Шымбергенов және Айбек Оралбай рингке шығады.




Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай