Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Боксшы Теміртас Жүсіпов Дүниежүзілік әскери ойындарда чемпион атанды

2019 жылдың 29 қазан 2019 21:21

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Боксшы Теміртас Жүсіпов Қытайда өткен Дүниежүзілік әскери ойындарда чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметіше, Қытайдың Ухань қаласында 7-ші жазғы Дүниежүзілік әскери ойындары өтіп, бокстан 49 келі салмақта шаршы алаңға шыққан ақмолалық былғары қолғап шебері Теміртас Жүсіпов бірінші орынды жеңіп алды.

«Жерлесіміз Нигерия, Кения, Колумбия, КХДР және Үндістаннан келген боксшыларымен қолғап түйістірді. Бес кездесудің барлығында Теміртас жоғары шеберлік танытып, қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді»,- дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Турнирдің сегізінші күнгі нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 109 елдің ішінде 11 орыннан көрінді. Ұлттық құрама қоржынында 4 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль бар.




Жоғары қарай