Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Боксшы Махмұд Сабырханға Шымкенттен пәтер берілді

2021 жылдың 25 қараша 2021 13:39

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Бүгін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырханға Шымкент қаласынан пәтер берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Былғары қолғап шеберіне қала әкімдігі мен бокс федерациясы бірлесіп «Стандарт» тұрғын үй кешенінен 1 бөлмелі пәтер берілді.
Кездесуге Шымкент қаласы бокс федерациясының төрағасы Асқар Тұрысбеков қатысты.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жас боксшының әлемдік аренада алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жететіне сенімді екенін айтты.
Еске салсақ, Белградта өткен әлем чемпионатында бокстан Қазақстан ерлер құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады. Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов әлем чемпиондары атанса, Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржанов күміс жүлдеге, Абылайхан Жүсіпов қола жүлдеге ие болды.









Жоғары қарай