Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бокс: Белградтағы әлем чемпионаты жүлдегерлерінің қанша  сыйлықақы алатыны анықталды

2021 жылдың 14 қазан 2021 02:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Insidethegames.biz интернет -басылымы Белградта өтетін бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлеріне берілетін сыйлықақының мөлшерін мәлім етті, деп хабарлайды Sports.kz.

Атап айтқанда, алтын медаль иелері өз шотын 100 мың доллармен толтырмақ, ал әлем чемпионатының «күмісі» үшін қатысушылар - 50 мың, ал қола жүлдегерлер 25 мың доллар алады.

Бұл әлем чемпионатына Қазақстан құрамасын қосқанда 105 мемлекет қатысады, 605 спортшы бақ сынайды.

Айта кету керек, бұл жарыс 13 салмақ дәрежесі бойынша өтетін бірінші әлем чемпионаты болмақ.



Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай