Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Блокпосттардан кімдер өте алады

2020 жылдың 18 наурыз 2020 21:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев блокпосттардан кімдер кедергісіз өте алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола және Алматы облыстарының аумағында постқа жетпес бұрын қосымша автопатруль экипаждары қойылады. Олар өткізу пунктерінде көліктердің көп жиналып қалмауына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Карантиндік шектеулер келесі азаматтарға қолданылмайды. Олар: бұрын шығып кеткен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары. Бірақ олар 22 наурыз күні түнгі сағат 00.00 уақытына дейін оралуы керек. Сонымен бірге шетелден Қазақстанға қайтқан азаматтарға аталмыш шектеу қойылмайды. Басқа өңірлердің тұрғындары 22 наурыз күні сағат 00.00 уақытына дейін шығып кетуі керек. Транзитпен немесе әуе көлігімен кетуге ниетті азаматтарға да шектеу енгізілмейді. Шетелге емделуге кетіп бара жатқан азаматтарға да шектеу болмайды. Бірақ оларда растайтын құжат болуы тиіс»- деді ол «Хабар 24» арнасынан тікелей эфирден сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар, шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналдары мен олардың отбасы мүшелеріне де шектеу қойылмайды.

«Пойыз және локомотив бригадаларының мүшелеріне, әуе кемелерінің экипаж мүшелеріне, халықаралық бағытта жүретін жүк көліктерінің жүргізушілеріне, қала маңында тұрып, Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыс істейтін тұрғындарға, сондай-ақ аталған қалаларда тұрып Алматы мен Ақмола облысында жұмыс істейтін адамдарға да шектеу енгізілмейді», - деді министр.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Коронавирус,
Жоғары қарай