Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Блокпостағы жол апаты: судья экс-полицейді неге 10 жылға соттағанын түсіндірді

2020 жылдың 20 қазан 2020 16:14

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қарасай аудандық сотының судьясы Азат Азаматовқа қатысты сот үкімін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Судья Азаматовтың кінәсі толығымен куәгерлердің сөзімен, сараптама қорытындысымен дәлелденгенін айтты.

«ҚР ҚК 345-бабының 1-бабының 4-бөлімімен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Айыптау актісінде жазаны ауырлату жағдайлары айтылмады. Бұл жағдайларды сот өзі алға тарта алмайды. Соған байланысты сот прокурорға айыптау актісіне өзгеріс енгізу үшін қосымша уақыт берген болатын. Жаңа актіде Полиция басқармасына келтірілген ірі көлемдегі шығын туралы жазылған. Судья бұл ауырлату жағдайларын ескере отырып максималды 10 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл аталған бап бойынша ең шекті жаза», - деді сотта.

Азаматов өмір бойы көлік айдау құқығынан айрылды. Судья жәбірленушілердің азаматтық шағымын түгел қанағаттандырды.

Енді ол жәбірленушілерге 66 млн теңге көлемінде моральдық және материалдық өтемақы беруге міндеттелді.

Қарасай аудандық соты бұрынғы полиция қызметкері Азат Азаматовты ҚР ҚК 345-бабымен айыпты деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырғаны туралы жазған болатынбыз.

Ол жазасын қауіптілігі орта дәрежедегі түзеу мекемесінде өтейтін болды.

Айта кету керек, 25 мамырда таңертең BMW жүргізушісі Алматы облысының №4 блокпостын соғып кеткен болатын.

Жол апатынан полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Абдықанов қайтыс болған болатын.

Сондай-ақ, үшінші полиция қызметкері Ербұлан Сейдазым жарақат алып, ауруханадан жазылып шықты.

Марқұм Дастан Әбдіқановтың әйелі Динара Аман апатқа кінәлі адамнан моральдық зиян келтіргені үшін 37 млн теңге өтемақы талап еткен еді.



Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Оқиға, Алматы, Сот, Көлік,
Жоғары қарай