Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Блокпостағы полиция өлімі: қылмыстық істің квалификациясы өзгертілді

2020 жылдың 4 тамыз 2020 17:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында блокпосты қиратып, 2 полиция қызметкерін өлтірген BMW жүргізушісіне қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«28 мамырда жол апатына байланысты Азаматов А.Т қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Оның іс-әрекетіне байланысты ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлімімен (мас күйінде көлік айдап, екі немесе одан көп адамның қазасына әкелген жол апатын тудыру) қылмыстық іс қозғалды», - деді Алматы облыстық прокуратурасынан.

Оған дейін қылмыстық іс ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен классификацияланған болатын.

Еске салайық, 25 мамыр таңғы сағат 05:26-да BMW маркалы көліктің 28 жастағы жүргізушісі мас күйінде блокпостағы полиция көлігіне соғылды.

Салдарынан екі полиция қызметкері көз жұмды.

Ал зардап шеккен үшінші полицей жақында ауруханада есін жиды.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қылмыстық істің мән-жайын тергеуді Ішкі істер министрлігі өзіне алғанын мәлім етті.

Жақында полиция департаменті күдікті туралы мағлұмат таратқан болатын.

Олардың мәлімдеуінше, күдікті қылмыс болардан 4 күн бұрын қызметінен босатылған.

Сондай-ақ , жарақат алған полиция қызметкері ауруханадан шыққан.



Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы,
Жоғары қарай