Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Блокпостағы көлік апаты: Екінші полиция қызметкері көз жұмды

2020 жылдың 25 мамыр 2020 09:14

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматы облысы аумағындағы блокпоста болған көлік апатынан жарақат алған екінші полицей көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең шамамен таңғы сағат 05: 30-да Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ауылындағы Алматы қаласының блокпостында болған жол-көлік оқиғасында жарақат алған полиция сержанты Дастан Әбдіқанов есін жимастан ауруханада қайтыс болды.




«Полиция сержанты Әбдіқанов Дастан Маратжанұлы, 1994 жылы Алматы қаласында туған. Ол ішкі істер органдарында 2016 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, бір айлық қызы бар»,– деп хабарлады полициядан.


Еске салайық, 1992 жылы туған А. есімді мас азамат «ВМW» №4 блокпосты бұзып өткен. Апат салдарынан полиция аға лейтенанты 1978 жылы туған Жалғас Жанғазиев оқиға орнында көз жұмды.





Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай