Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жаңа басшы келді

2020 жылдың 5 тамыз 2020 13:41

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Облыс әкімінің өкімімен және БҚО мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның келісімімен ротация қағидасы аясында Берік Есенғалиев облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Берік Абатұлы 1977 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының магистрі дәрежесі бар.

Әр жылдары «Құрмет» ЗЖҚ БҚО филиалының зейнетақы қоры жөніндегі маманы, аймақтық директоры, өңірдегі түрлі кәсіпорында басшылық қызметте болды.

Сондай-ақ Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары, осы ауданның әкімі, БҚО қаржы басқармасы басшысының орынбасары, БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, 2017 жылдан БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО білім басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын жазған болатынбыз.



Жоғары қарай