Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО тұрғыны жиһаз жасап беремін деп 17 адамды алдаған

2021 жылдың 14 мамыр 2021 15:35

ОРАЛ. ҚазАқпарат –Орал қаласының тұрғыны жиһаз жасап беремін деп 17 тұрғынды алдап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 25 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жәбірленушілердің бірі, 24 жастағы әйел жиһаз жасатпақ болып, Оралдағы жиһаз құрастырушылардың біріне жүгінген. Күдікті оның сеніміне кіру арқылы 260 мыңнан астам теңгесін иемденіп кеткен.

«Күдіктінің тұрақты жұмысы жоқ, осындай жолмен пайда тауып келген. Барлығы 17 тұрғынды алдап, ақшасын жымқырған. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы, сондай-ақ жәбірленушілерге келтірілген залал көлемі анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да қызметкер өзінің мектебінен 12 ноутбук жымқырып, 1,8 млн теңге залал келтіргенін жазған болатынбыз.



Жоғары қарай