Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

БҚО кәсіпкерлері Елбасы үндеуіне қолдау білдірді

2020 жылдың 20 наурыз 2020 18:45

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері үндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері Елбасы Н.Назарбаевтың коронавируске қарсы күрес үндеуін қолдаймыз. Қазақстан коронавируспен күресуге барынша күшін салуда. Осы тұста індетті таратпаудың барлық жағдайы жасалып, әр азаматтың денсаулығы мен қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мақсатында сақтық шаралары қолданылып, санитарлы-профилактикалық тәртіп орнағаны мәлім.Осы орайда ел азаматтары қысылтаяң кезеңде бірлік пен тұтастық білдіруін тоқтатпайды.Қазіргі күні әлем бойынша инфекция таралуынан зардап шекпеген ел кемде-кем. Осындай қиын қыстау кезеңде барлық қазақстандықтар жұмыла бір-бірімізге қолдау көрсетуге міндеттіміз» - делінген үндеу мәтінінде.

Сонымен қатар, үндеуде қиындықта қол ұшын беру – игі дәстүр, халқымыздың қанында бар, бойымызға сіңген асыл қасиет екені айқылады. Бұл ретте кәсіпкерлер Елбасының үндеуін қолдай отырып, қаржылай көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізеді.

Үндеуге «Нан өнімдерін өндіруші Желаев комбинаты» АҚ (АО «Желаевский комбинат хлебопродуктов»), «Белес-Агро» ЖШС (ТОО «Белес-Агро») «Батыс Пауер» ЖШС (ТОО «Батыс Пауер»), «Арна Орал» ЖСШ (ТОО «Арна Орал») және басқалары қосылған.


Жоғары қарай