Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО денсаулық сақтау басқармасы бұрынғы басшысының ісі сотқа берілді

2021 жылдың 18 қаңтар 2021 13:33

ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Каюповтың ісі сотқа берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО сотының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, ҚР ҚК 336-бабына (пара алу) сәйкес айыпталған Б.Каюповтың ісін Орал қалалық соты қарайтын болады.

Сот талқысы 25 қаңтарға белгіленді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы пара алу күдігімен ұсталып, екі айға қамауға алынғанын жазған болатынбыз.





Жоғары қарай