Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да жүргізуші жанар май ақысын төлеуді ұмытып кеткен: Тергеу басталды

2020 жылдың 23 қараша 2020 21:06

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында түркістандық жүргізуші жанар май құйып, ақысын төлемей кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Бәйтерек ауданы аумағында «Самара-Шымкент» күре жолында болды.

«Volvo» жүк көлігінің жүргізушісі жанар-жағар май құю стансасында 767 литр дизельді отынды құйып алған да, ақысын төлемеген. Сөйтіп нысанның иесіне 134 399 теңге залал келтірген.

Қабылданған шаралар нәтижесінде Түркістан облысының 40 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 195-бабы 1-бөлігіне (мүліктік зиян келтіру) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай