Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

БҚО-да жол жөндеу жұмыстарына 15 млрд теңге бөлінген

2022 жылдың 17 мамыр 2022 12:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Батыс Қазақстан облысындағы жол жөндеу жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды қалыпқа келтіруге ерекше назар аударылады. 2020 жылдан бастап, жалпы ұзындығы 248 шақырым болатын «Қазталовка – Жәнібек – РФ шекарасы» және «Өнеге-Бейсен-Сайқын» автожолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Қ. Өскенбаев Үкімет отырысында.

Жобаны іске асыру басталғаннан бері жұмыстар 55 шақырымда жүргізілген.

«Биылғы жылға 15 миллиард теңге бөлінген. Оның есебінен тағы 119 шақырым автожолда қозғалыс ашу жоспарлануда. Осылайша, барлығы 174 шақырым жаңа жол жабынында қозғалыс ашылады. Жұмыстарды толығымен аяқтау 2023 жылы жоспарланған», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Бұған дейін Индустрия министрі автожол саласындағы жобаларды іске асыруға биылғы бюджеттен 601 миллиард теңге бөлінгенін айтқан еді.

Айта кетейік, бұған дейін Президент ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан Батыс Қазақстан облысындағы күре жолдар проблемасы бойынша Үкіметке және аймақ басшысына тапсырмалар жүктеген еді. Сондай-ақ аталған себептерге байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев қызметінен босатылды. Батыс Қазақстан облысында жол жөндеу жұмыстарының кешігуіне байланысты «QAZAVTOJOL «ҰК» АҚ және ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің бірқатар қызметкерлері жауапқа тартылған болатын.



Жоғары қарай